"Sardar" баспа үйі
телефон
+7 (727) 249-68-05
E-mail
sardar@mail.ru
Жұмыс уақыты
Пн - Сб 8:00 - 18:00
Кері байланыс
«SARDAR»
» » "Асыл сөз" жобасы-Ә.Нүрпейісов

"Асыл сөз" жобасы-Ә.Нүрпейісов

            

       82 жылдық тарихы бар Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы осы уақыт ішінде қазақ руханиятында талай ізгілікті істер жасаған. Ол игі дәстүрді бүгінгі таңдағы ұжым да жалғастырып, «Асыл сөз» жобасын қолға алып отыр. 
      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл комитететінің қолдауымен өтіп отырған бұл шараның мақсаты - еліміздің руханиятына еңбегі сіңген абыз ақын, жазушыларымызбен оқырман арасында алтын көпір болып, кездесулер ұйымдастырып, қаламгерлеріміздің шығармаларын кеңінен насихаттaу. Алдағы уақытта жыл бойы «Асыл сөз» жобасы жүйелі түрде жүргізіліп, абыз ақсақалдармен болған сұхбаттар республикалық газеттердің бірінде жарияланады. Ал, бейне жазба нұсқасы республикалық арналардың бірінен көрсетіліп, дайын өнім кітап палатасының мұрағатында сақталады. Міне, күні кеше жобаның алғашқы қонағы классик жазушы Әбдіжәмил Кәрімұлы Нүрпейісов кітап палатасының шаңырағына келіп, сырлы сұхбат құрды. Алдымен оқырмандар жазушының 1948 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған мақалаларынан басталған, әр жылдары әдеби журналдарда шыққан әңгімелері және кітаптарынан құралған көрмені тамашалады.
       Одан соң мәжіліс залында жазушымен кітап палатасы ұжымы және оқырмандардың кездесуін осы ұжым директоры Әділ Қойтанов ашып, қаламгерді мерейлі 95 жасқа толуымен құттықтады. Ары қарай қаламгердің шығармашылығына қысқаша тоқталып, Әбдіжәмил Кәрімұлының «Соңғы парыз» романын Ресейдің «Художественная литература» баспасының Нобель сыйлығына ұсынып отырғанын айтып, халықаралық сыйлыққа ие болуына тілектестік білдірді. 
      Бұдан кейін сөз кезегін қаламгердің өзіне беріп, оқырмандармен ортада еркін әңгіме өрбіді. Жазушы оқырмандардың сауалдарына жауап бере отырып, өзінің балалық шағынан бүгінгі күніне дейін әсерлі әңгіме айтты. Сырлы сұхбат барысында алғашқы ашылған мектепке қалай барғаны, ашаршылықтың ауыр жылдары, соғысқа бір әулеттен аттанған 7 азаматтың арасында өзінің ғана тірі  оралғаны тілге тиек болды. Соғыстан келген соң алғашқы шығармаларына классик жазушылар М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсіреповтердің жақсы пікір айтып қолдағаны, І.Омаровтай қоғам қайраткерінің қамқорлық көрсеткені  бәрі-бәрі айтылды. Абыз ақсақалдың әсерлі әңгімесін оқырмандар тұщына тыңдады. Кездесу соңында кітап палатасының директоры Ә.Қойтанов жазушыға арнайы салдырған өзінің портретін тарту етті. Сондай-ақ, Ә.Нүрпейісовтың өз атына сайт ашып, оған шығармаларын хронологиялық ретпен топтастырып, оның сертификатын ұсынды. Кездесу соңынан қаламгер өзіне көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, кітап палатасы ұжымымен естелік суретке түсті. 


                                           

25-06-2020, 21:50 / Жаңалықтар

Пікір қалдыру

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

«Sardar» баспа үйінің ресми

27 июн 2020 ,admin
          «Sardar» баспа үйінің негізі -...

Е.Аманшаев. Қорқыт Ата туралы

25 июн 2020 ,admin
(Балетке арналған либретто-аңыз) Олар бұл...

Кітап – адамзаттың асыл

25 июн 2020 ,admin
            1995 жылы ЮНЕСКО шешімімен...
up