КƏРІБАЕВ Берекет
«ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ КҮШЕЮІ: (XV ғ. соңғы – XVI ғ. алғашқы
ширектері)»
Монографияда XV ғасырдың соңғы жəне XVI ғасырдың алғашқы ширектері аралығында Қазақ хандығының Мауреннахр билеушілерімен Түркістан аймағы үшін жүргізген күрестерінің себептері, күрестің барысы мен кезеңдері жəне қорытындылары жазба дерек мəліметтері, археологиялық материалдар негізінде қарастырылады. Қазақ хандығының жарты ғасырлық күресі Қасым ханның билігі тұсында хандықтың күшеюіне алып келеді.
Монография қоғамтанушыларға, тарихшыларға, жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистрлеріне, докторанттарына жəне қазақ елінің ортағасырлық кезеңдегі тарихына қызығушылықпен қарайтын қалың оқырмандар қауымына арналған.