ҮЛКЕНБАЕВА Айгүл
«КҮЙ-ҒҰМЫР»
Бұл кітап – атағы алыстарды шарлаған күйші қыз Айгүл Үлкенбаеваның уақыт пен парыз, өнер мен өмірдің көкейкесті мәселелері жөніндегі ой бөлісу, емін-еркін сырласуынан туған дүние. Біз осы бір қысқа қайырылған ғұмырнамалық хамсада дарынды өнерпаздың өнердегі құс жолындай шаңытып жатқан күрделі де қызықты соқпақтарына аз-кем тоқталып өттік.
Бұл туынды бір жағынан ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына айшықты тарту болғандай. Кітап өнерсүйер қауымға арналған.