«МҰҚАҒАЛИ ТІЛІ СӨЗДІГІ»
Қолдарыңыздағы сөздікте ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 5 томдық шығармалар жинағында бар 13348 сөз бен 5035 тұрақты тіркес түгел қамтылып, олардың қайталанып қолданылған саны (282 мың) көрсетілген. Тілдік бірліктердің әрқайсысына анықтамалар беріліп, мысалдар келтірілген. Сол арқылы Мұқағалидың қазақ әдеби тіліне қосқан үлесі мен орны айқындалған. Бұл сөздік – бір сөздік емес, ол түсіндірме сөздік пен жиілік сөздіктердің қосындысынан тұратын жиынтық (синтездік) сөздік. Яғни екі түрлі сөздіктің бірлігінен құралған сөздік.
Еңбек тіл білімі қызметкерлері мен қазақ тілі мамандарына, магистранттар мен докторанттарға және мектеп мұғалімдері мен мұқағалитанушыларға арналады.