ҚАЙДАР Әбдуәли
«ҒЫЛЫМДАҒЫ ҒҰМЫР: Мақалалар, баяндамалар». 1-6 томдар
Жинаққа белгілі тіл маманы, филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Әбдуәли Қайдардың әр жылдары газет, журнал беттерінде жарық көрген мемлекеттік тіл, көп ұлтты Қазақстан жағдайындағы қазақ және орыс тілдерінің қызметі, тіл білімі тарихы, тіл құрылысына арналған ғылыми мақалалары мен баяндамалары алғаш рет топтастырылып беріліп отыр.
Бұл еңбек қазақ тілінің бай қазынасын тереңірек білгісі келетін миллиондаған оқушы, студент жастар мен зиялы қауым және қалың жұртшылыққа арналған.